Онлайн казино жабылды

  • 59
  • 20.07.2026, 19:45

Айналымы 7,5 миллиард теңгеге жеткен Nomad Poker онлайн-казиносының заңсыз қызметі тоқтатылды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, оны Қазақстан азаматтары Грузиядан басқарып отырған. Ұйымдастырушылар өздерінің жеке басын жасыру үшін шетелдік «дропперлер» желісін пайдаланған. Әлеуметтік желілердегі жарнама арқылы казиноға 20 мыңнан астам пайдаланушы тартылған. Қазір бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Ұйымдастырушылар үшінші тұлғалардың банк шоттарын, яғни «дропперлердің» шоттарын пайдаланудың тармақталған жүйесін құрған. Осы мақсатта күдіктілер Қазақстанға шетел азаматтарының ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз етіп, олардың атына 400 АҚШ долларына дейінгі сыйақы үшін банк карталары мен мобильді банкинг рәсімдеген. Сот санкциясымен Алматы қаласындағы пәтерге, үш автокөлікке, сондай-ақ дропперлердің банк шоттарындағы 158 млн теңге көлеміндегі ақша қаражатына тыйым салынды. Тергеу жалғасуда.