Түркістан облысында 89 адамға жүргізуші куәлігі заңсыз берілген

  • 59
  • 20.07.2026, 19:48

Сарыағаш ауданында денсаулығына байланысты көлік басқаруына болмайтын 89 адамға жүргізуші куәлігі берілген. Шектеуге қарамастан, жауаптылар заңды белден басқан. Ең сорақысы, көбі наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған. Прокуратураның тексерісінен кейін, іс сотқа жіберіліп, олар көлік басқару құқығынан айырылды. Заң талаптарын бұзғандар жауапкершілікке тартылды.

Ақжол Сейдуллаев, Сарыағаш ауданы прокуратурасының прокуроры

-Заң талаптарын бұзуға жол берген жауапты тұлғалар белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды. Прокуратура жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың өмірін қорғау бағытындағы жұмыстарыды жалғастыруда.