Тәртіп сақшылары жаз басталғалы 550 келі есірткі затын анықтады. Бұл «Қарасора-2026» операциясының нәтижесі. Республикалық жедел-профилактикалық іс-шара басталғалы қызметтік иттердің көмегімен 90 есірткі қылмысының жолы кесілген. Сонымен қатар тікұшақ, дрон және жерді ғарыштан бақылау технологиясы қолданылып жатыр. Операцияға полиция қызметкерлері, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері қатысады.
Елдар Әбдікенов, ІІМ комитет төрағасының орынбасары:
- Шу өңірі ерекше назарда. Мұнда дрондардың көмегімен жабайы қарасораның ондаған ошағы анықталып, жойылды. Сондай-ақ қызметтік иттер мен кинологтар тәулік бойы қызмет атқаруда. Олар автожолдарда, теміржол объектілерінде және есірткі тасымалдануы мүмкін бағыттарда тексеру жүргізуде.