Алматыда концерт билеттерін заңсыз сатпақ болған алаяқ ұсталды

  • 5
  • 07.08.2026, 19:33

Алматыда концерт билеттерін заңсыз сатпақ болған алаяқ ұсталды. Күдікті жуырда өтетін әлемдік жұлдыз Канье Уэстің кешін пайдаланып, арам ойын іске асырмақ болған. Әлеуметтік желіде концертке билет сататыны туралы хабарландыру жариялаған.

Концерт 14 тамызда Орталық стадионда болады. Полиция заңсыздықты интернетке жүргізілген мониторинг кезінде анықтаған. Мамандар мұндай ауқымды шара алдында әлеуметтік желілер мен хабарландыру сайттарындағы бақылау күшейетінін айтады. Қазір интернет-платформалардағы өзге де күмәнді ұсыныстар тексеріліп жатыр. Полиция тұрғындар мен қала қонақтарына билеттерді тек ресми сайттардан сатып алу керектігін ескертеді.