Ақмола облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

  • 7
  • 11.08.2026, 19:34

Ақмола облысында жол апатынан 2 кісі қаза тауып, 8 адам жарақат алды.

Қайғылы оқиға 10 тамыз күні кешкісін Астана–Петропавл автожолының 97-ші шақырымында болған. Шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысқан. Оның қатты болғаны соншалық, жүк көлігі тіркемесімен бірге аударылып қалған. Ауыр техника жолдың бір бөлігін жауып, қозғалысқа кедергі келтірген. Оқиға орнына шұғыл жеткен мамандар зардап шеккендерді ауруханаға жеткізіп, оқиға орнында апат салдарын жою жұмыстарын жүргізген. 

Жол-көлік оқиғасының нақты себептері анықталып жатыр. 

Азамат Байғазин, әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:  

- Mercedes-Benz Sprinter көлігінің екі жолаушысы көз жұмды. Осы көліктің 7 жолаушысы және «ГАЗ 53»-тің бір жолаушысы әртүрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Соның нәтижесі бойынша шешім қабылданады.