Алматыда полиция есірткі тарату арнасының жолын кесті

  • 5
  • 11.08.2026, 19:35

Алматыда синтетикалық есірткі таратудың тағы да бір ірі арнасының жолы кесілді. Қалалық ескірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түрксіб аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесіп 33 жастағы ер адамды ұстады. Күдіктінің автокөлігін тінту барысында синтетикалық есірткіге ұқсас зат салынған 135 орама табылған. Сондай-ақ сол маңдағы жасырын орыннан тағы 35 орама тәркіленді. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайында тінту кезінде есірткі заттары, электронды таразы және орауға арналған материалдар анықталды.

Алматы облысында да ірі көлемдегі есірткі партиясы жасырылған тағы бір орын әшкереленді. Тәркіленген заттың жалпы көлемі – 2 кг мефедрон. Бұл - 10 мың бірреттік дозаға тең. Ірі партия полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында заңсыз айналымға жетпей, қолға түсті. 

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

- Алматы облысында полицейлер тағы екі келіге жуық синтетикалық зат тәркілеп, Алматы қаласындағы тағы бір жасырын орынды жойды. Алдын ала мәлімет бойынша ұсталған азамат интернет арқылы есірткі таратумен айналысатын заңсыз дүкеннің пайдасына жұмыс істеген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.