Анасын пышақтап Вьетнамға қашқан қазақстандық елге қайтарылды

  • 4
  • 12.08.2026, 19:35

Анасына пышақпен бірнеше рет соққы жасаған қазақстандық Вьетнамда ұсталды. 

Тергеу мәліметінше, күдікті қылмысты былтыр қарашада масаң күйде жасаған. Ішімдік ішіп, отбасында туындаған жанжалдан кейін ол маңайындағыларға пышақ сермеген деп айыпталуда. Салдарынан өз анасы жарқат алған. Қылмыстан соң жауапкершіліктен жалтару үшін өзі шетелге кеткен.

Халықаралық іздеуге жарияланған азамат маусым айында Вьетнамның Дананг қаласында ұсталды. Жуырда Қазақстан тарапының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір күдікті қамауда. Оған 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.