Жеңіл жолмен табыс табу бас бостандығынан айыру жазасына әкелді.
Елімізде мефедрон таратқан тағы екі студент сотталды. 19 жастағы азаматтар Telegram мессенджері арқылы есірткі заттарын таратуға бағытталған қылмыстық схемаға кірген. Оларды ұстау барысында аса ірі мөлшерге жататын 5,87 грамм мефедрон тәркіленді.
Сот үкімімен кінәлілерге 7 және 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.