Әзербайжан диаспорасы Каспийдегі іздеу жұмыстарына көмек көрсетті

  • 9
  • 25.09.2026, 18:40

Каспий теңізінің жағалауында әскери қызметшілерді іздеу жұмыстарына қатысқан азаматтарға әзербайжан диаспорасының өкілдері көмек көрсетті. Бауырлас халық құтқарушыларға ыстық тамақ пен сусындарды әкеп, мамандарға қолдау көрсеткен. «Достлуг» диаспорасының өкілі Эльмир Шахсуваров олардың қайғылы жағдай туралы естіген бойда қол ұшын беруге келгенін айтты.