Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу дерегі бойынша тергеу жалғасып жатыр. Оқиға орнында тексеру жүргізіліп, 30-дан астам адамнан жауап алынған. Құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленді. 12 сараптама тағайындалды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Қызметке салғырт қарады деп күдікке іліккен, сондай-ақ метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылау мен қажетті шаралардың қабылдамаған, құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған, салдарынан адамдардың қаза болуына әкеп соққан лауазымды тұлғалар анықталған. Тергеу күдіктілердің әрекеттеріне құқықтық баға беріп, оларға қатысты процестік шаралар қабылдайды.