Ауруханадағы әскери қызметшінің жағдайы жақсарды

  • 8
  • 25.09.2026, 18:42

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде суға кеткен 17 адамның үшеуі құтқарылғаны белгілі. Екеуінің жағдайы жақсы, дәрігерлік көмек қажет болмаған. Біреуі кеше шұғыл аурухағаға жеткізілген болатын. Бүгін ол есін жиып, жақындарымен қауышты. Бұл туралы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Жауынгер облыстық ауруханада ем алып жатыр. Жағдайы тұрақты, - дейді дәрігерлер.

Бекболат Ізбасаров, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Түскен кезде барлық тексерістен өтіп, қазіргі кезде жағдайы тұрақты. Терапия бөлімшесінде ем қабылдауда. Сарбаздың жағдайы тұрақты. Медициналық қызметкерлердің бақылауында.