Маңғыстау облысында бір отар қой қырылды

  • 9
  • 29.09.2026, 18:37

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында қорада тұрған бір отар қой белгісіз жағдайда қырылды. Әзірге белгілісі, жүзден астам ұсақ мал кешегі тәулікте жайылымдық алқапқа жиналған суды ішкен.

Сол аумақта ветеринария станциясының қызметкерлері бақылау жүргізіп, су көзінен сынама алды. Өлген мал арнайы орынға жеткізіліп, жойылды. Сондай-ақ мамандар қора-жайға зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, тірі қалған қойлардан жұқпалы ауру белгілері табылмағанын хабарлады. Алынған сынамалардың қорытындысы 10 күн ішінде белгілі болады.

Нұралы Сәдіғұлов, Бейнеу ауданы бойынша ветеринариялық станция басшысы:

- Қораның ішінде 126 қойдың өлгенін анықтадық және бақташының айтуы бойынша ол жерде он шақты үйдің қойларының қосындысы екенін білдік. Күні кешеге дейін ол малдар сол жерден су ішіп келген. Шөптен бе, судан ба, әлде басқа нәрседен бе, енді оны зертхананың қорытындысынан күтетін боламыз.