Хабар телеарнасы

Коронавирус жұқтырған тағы 2 адам Алматы қаласында тіркелді

Коронавирус жұқтырған тағы 2 адам Алматы қаласында тіркелді

 

Қазақстанда корновирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді. Екеуі де Алматыда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады. Осылайша қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша – 17, елордада 18 науқас емделіп жатыр. Соңғы мәліметке сүйенсек, қазір елімізде арнайы карантинге жатқызылған адамдар саны – 1665. Ал 1076 адам үй жағдайында карантинде.

Диас Ахметшәріп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

- Коронавирус індетін жұқтырған тағы акі адам анықталды. Біріншісі – 1998 жылғы қыз бала. Студент Ыстамбұл-Алматы рейсі арқылы 15 наурызда ұшып келген. Екіншісі 1974 жылғы әйел адам 10 наурыз күні Мәскеуден ұшып келді. Екеуі де қазір стационарда ем қабылдауда. Жағдайлары жақсы.