21:40Эфирде:Телесериал «Листопад»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қарағандыда коронавирус жұқтырған 2 адам анықталды

  • Категория: Оқиға
Қарағандыда коронавирус жұқтырған 2 адам анықталды
Фото: http://www.rfi.fr/

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам анықталды.

Олардың 2-еуі Қарағанды, қалған 3-еуі Алматы қаласында. Осылайша Қазақстанда жалпы коронавирустан ем алып жатқандар қатары 49 адамға жетті. Оның 25-і елордада, 22-сі Алматыда. Қалған 2-еуі Қарағанды қаласынан. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады. Соңғы мәліметке сәйкес, қазір елде арнайы карантинге жатқызылғандар саны 860, ал 2 611 тұрғын үй жағдайындағы карантинде.

Диас Ахметшәріп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

- Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам анықталды. Оның 2-еуі Қарағанды қаласында. Олар 1972 және 1971 жылы туылған ҚР азаматтары. Екеуіде 0324 рейсімен Минск – Қарағанды ұшағымен келген болатын. Сол сияқты Алматы қаласында 3 адам тіркеліп отыр. Олар 1979 жылғы әйел адам. Бізге Берлин қаласынан ұшып келді. Екінші азамат 1997 жылы туылған ер адам Франциядан ұшып келді. Және де 1982 жылғы әйел адам. Барлығының денсаулықтары жақсы.