Хабар телеарнасы

Қарағанды облысында коронавирус індетінен 1 адам көз жұмды

ria.ru

62 жастағы ер адам ауруханаға жатқызған кезде оған екіжақты пневмония, тыныс алудың жетіспеушілігі, науқастың жағдайы ауыр деген белгілер қойылды. 1 сәуір күні таңғы 7-де жүректің тоқтауы белгіленді.

Науқас нотариус болып жұмыс істеген. Науқаспен байланыста болғандардың барлығы оқшауландырылды. Облыста коронавирус анықталған 13 адам тұрақты бақылауда. Екі науқас осы аптада емделіп шығады деп жоспарлануда.

Жалпы Қазақстанда өліммен аяқталған 3 жағдай тіркелді.