Е.Тұрғымбаев Сәтбаевтағы оқиға туралы: Екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды
Бұл туралы ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев брифинг барысында мәлімдеді.
«23 шілде күні кешкі сағат 9:00-де Сатбаев қаласының Ішкі істер басқармасына 5 жасар қыздың жоғалғаны туралы арыз түсті. Дереу іздестіру нәтижесінде бүлдіршін қаладағы бір үйден табылды. Жас қызды зорлады деген күдікпен бір азамат қамауға алынды», – деді министр.
Министрдің айтуынша, бірнеше адам күдіктіні беруді талап еткен. Олар бұзақылық жасап, полицейлерге қарсылық танытқан.
«Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін қосымша полиция күштері тартылып, жағдай бақылауға алынды. Бұл оқиға бойынша бірнеше баппен қылмыстық іс тіркелді. Яғни адам ұрлығы және баланы зорлау. Тергеу амалдары жалғасуда. Елдегі қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер бар күшін жұмсайды», – деді ол.