Газ баллоны жарылды: екі әйел мен 4 жасар бала көз жұмды
Түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 10 адам бірден аудандық ауруханаға жеткізілген. Оның ішінде екеуінің жарасы жеңіл болып, үйіне қайтарылды. Алты науқастың жағдайы күрделі болған соң, тиісті ем қабылдау үшін санитарлық авиациямен елордаға жеткізілді. Тағы бір зардап шеккен әйел Нұр-Сұлтан қаласына жеткізіледі. Жойқын жарылыстан зардап шеккен үш отбасы баспанамен қамтылады. Қазір олар уақытша жалдамалы пәтерге көшірілді.
Айгерім Ардаққызы, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
- Екі ересек № 1 қалалық ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр. Төрт бала № 2 көпбейінді ауруханада. Екеуінің жағдайы аса ауыр. Қалған екі баланың жағдайы да ауыр, бірақ тұрақты.