Хабар телеарнасы

ҚР ІІМ: 5135 күдікті ұсталды

Оның 346-сы – Ішкі істер органдарының қызметтік көлігі. Ал ұры-қарылар болса, 100-ден астам ірі сауда орын мен банкті тонаған. Бұл жөнінде бүгін Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев айтты. Ал жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қылмыскерлердің қолынан 16 сарбаз қаза тауып, 1300-ден астамы жарақат алған.

Биліктің абыройына нұқсан келтіру үшін бұзақылар әскерилер мен полицейлердің формасын киіп, заңсыз әрекеттер жасаған. «Қазір билікке қарсы күш көрсетіп, қарақшылық шабуыл жасап, адам өлтіргені үшін 125 сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – дейді Ішкі істер министрлігі.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы:

- Қазіргі уақытта 5135 күдікті ұсталып, полиция органдарына жеткізілді. Бұлардың ішінде 134 адам ауыр қылмыс жасады деген күдікпен уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Ал әкімшілік жауапкершілікке 516 азамат тартылды. Қалғандарына қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Ел шекарасын кесіп өту кезінде 1 мыңға жуық адам ұсталды. Олардан қару-жарақ, ұрланған бағалы заттар мен ұялы телефондар тәркіленді. Тағы ұлттық және шетелдік валютадағы ірі қаржы табылды.