Петропавлда 8 жасар қызды зорлаған педофил ұсталды
Оқиға кеше кешкісін Петропавл қаласында болды. Күдікті «Ойқала» шағын ауданындағы учаскелік полиция бекетінің маңында жап-жас баланың жан айқайына қарамастан жаға ұстатар пасық әрекетін жүзеге асырған.
Аталған қылмысқа қатысы бар деген ер адам осыған дейін бірнеше рет істі болыпты. Қазір аталған факті бойынша іс қозғалды. Енді ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жарқын Белгібеков, прокурор:
- Осы қылмысты жасады деген күдікпен 27 жастағы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тумасы ұсталды. Бұған дейін Ақмола облысы Атбасар аудандық сотының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы қаулысымен қауіпсіздігі жоғары мекемеден қауіпсіздігі төмен мекемесіне ауыстырылған болатын. Күдікті екі ай уақыт мерзіміне қамауға алынды. Өзінің жасаған қылмысын толықтай мойындап отыр.