Шымкентте 762 адамды кене шақты
Бұл өткен жылмен салыстарғанда үш есе көп. Десе де қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері залалсыздандыру жұмыстарын уақытынан бір ай бұрын бастаған екен. Өйткені зертханалық талдаулардың нәтижесінде кейбір науқастардың қан құрамынан конго-қырым қанды қызбасы анықталған.