Жамбыл облысында пойыз бен автокөлік соқтығысты: 6 адам қаза тапты
Олардың бірі 7 жаста болса, қалғандары 14 пен 16 жастағы жасөспірімдер. Қайғылы оқиға таңертең 08:55 шамасында Меркі ауданының Қарасу ауылы маңындағы Түркісіб станциясындағы өткелде болған. Ауди маркалы автокөлік жолаушылар пойызынан бұрын теміржол өткелін кесіп өтпек болған. Пойыз жеңіл көлікті соғып, 30 метрге дейін сүйреп кеткен. Қазір оқиғаға қатысты тексеріс жүріп жатыр.
Гүлсара Мұхтарқұлова, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы төртінші бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында кезекшi жедел тергеу тобы жұмыс iстеп жатыр. Қазіргі таңда оқиғаның мән жайы анықталып жатыр.