Ақмола облысындағы жол апатынан бір отбасы ажал құшты
Ақмола облысында жол апатынан бүтін бір отбасы ажал құшты. Қайғылы оқиға Көкшетау-Рузаевка тас жолында болған. Жеңіл көлікті тізгіндеген отбасы жанармай таситын темір тұлпармен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің 42 жастағы жүргізушісі және оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Ал жанармай көлігінің жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жалпы жыл басынан бері өңірде 284 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 57 адам қаза тапты.