Алматыда аялдамада тұрған 7 адамды көлік қағып кетті
Полиция департаментінің хабарлауынша, жүргізуші көлігін басқара алмай қалған. Оқиға Райымбек даңғылы мен Абылай хан көшелерінің қиылысында болған. Зардап шеккендердің екеуі жасөспірім. Олар балаларға арналған шұғыл көмек көрсету орталығының нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Тағы 5 адам жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. Тексеруден кейін үшеуі амбулаторлық емдеуге жіберілген. Ал екі адам ауруханада ем-шара қабылдайды. Дәрігерлер: «Олардың жағдайы орташа ауыр»,- дейді.
Ермек Желдібаев, қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:
- Көмек көрсетілді. Ем қабылдап жатыр. Жатқызылған науқаста қосарланған бас ми жарақаты және балтыр сүйегінің сынуы. Балтыр сүйегінің сынығына енді ота жасалады. Екіншісіне консервативтік ем жасалады. Онда да политравма. Жамбас сүйегінің сынығы. Ығысу болмаған сондықтан консервативті ем жасалады.