СҚО-дағы перзентхананың дәрігері қызылша жұқтырған
Солтүстік Қазақстан облысында перзентханада жұмыс істейтін дәрігерден қызылша анықталды. Қазір ол ем алып жатыр. Денсаулық сақтау басқармасындағы мамандар: «Инфекция жұқтырған дәрігер жүкті әйелдермен қарым-қатынаста болмаған. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ»,- дейді.
Жалпы өңірде жыл басынан бері 47 адам қызылша жұқтырған. Мұнымен қоса жіті респираторлық вирустық инфекциямен ауырып жатқандардың саны артуда. Қазір аймақта балалар мен медицина қызметкерлерін жаппай иммундау науқаны жүріп жатыр. Өңірде ол үшін 256 екпе салу орны жасақталды.
Гүлнәр Қалиева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
- Бұл жерде карантин енгізілген жоқ. Тек қана шектеу шаралары. Партнерские роды дейміз ғой, сол серіктес болып кіруге болмайды. Себебі серіктестердің көбісі паспорт вакцинаций дегенді көрсетпейді. Оларда қызылшаға қатысты екпе бар ма, жоқ па оны дәлелдей алмайды. Сондықтанда осындай шараға мәжбүр болып отырмыз.