Хабар телеарнасы

Тараздағы дауылды желден 9 адам жарақат алды

Тараз қаласында да қатты жел тұрып, салдарынан 9 адам түрлі жарақат алды.

Ауруханаға жеткізілген науқастардың бірінің миы шайқалса, кейбірінің аяқ-қолы сынған. Дәрігерлер жарақат алған тұрғындарға алғашқы көмек көрсетіп, үйлеріне қайтарды.

Желдің екпіні секундына 30 метрге жетті. Дауыл кей үйлердің шатырын ұшырып, 50 жуық талды құлатқан. Бірнеше көлік пен балалар алаңын ағаш басып қалды. Кей көшелерде электр бағаналарына зақым келіп, 250 үй жарықсыз қалды. Тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Қайрат Исмаил, қала әкімінің орынбасары: 
- Электр энергиясын қалпына келтіру бойынша 12 жұмыс бригадасы жұмылдырылған. Енді әлеуметтік нысандарда жалпы жылыту маусымына байланысты жылу қамтамасыз етілген. Штаттық режимде жұмыс жалғасуда. Бүгінше барлық мектептерде осы Тараз қаласы бойынша онлайн режимде оқу жалғасуда.