Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз басып кетті
Оқыс оқиға 21 қаңтарда Жиделі-Бірлік учаскесінде болған. Жұмысшылардың пойыз астына қалай түскені әзірге белгісіз. Машинист апаттық тежегішті басқанымен, құрамды тоқтату мүмкін болмапты.
Салдарынан 62 жастағы бригада басшысы мен 58 жастағы вагон жөндеуші көз жұмды. Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына «Қазақстан темір жолының» комиссиясы аттанды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Ерлан Сеңгірбаев, Шу станциясы желілік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары:
- Теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне орай өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды.