Ферроқорытпа зауытында зардап шеккендердің бірі қайтыс болды
Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында зардап шеккен жұмысшылардың бірі ауруханада қайтыс болды. 31 жастағы азаматтың денесін 85% күйік шалған. Қалған 5 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың да жағдайлары ауыр. Тағы 2 науқасқа комбустиология бөлімінде ем көрсетіліп жатыр. Еске салайық, 20 шілде күні зауытта төтенше жағдай болып, 8 адам зардап шекті. Арнайы комиссия құрылып, қазір өндіріс орнында тексеріс жүргізіп жатыр. Әрі қылмыстық іс қозғалды.