Хабар телеарнасы

Маңғыстауда 500-ге жуық оқушы улануына қатысты сот отырысы басталды. Өңір жаңалықтары

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында оқушылардың жаппай улану оқиғасы бойынша сот отырысы басталды. Былтыр күзде Бесшоқы ауылындағы мектеп асханасынан тамақтанған 460 оқушы астан уланып қалған еді. 

Таиландтан есірткі жеткізген күдікті 16 жылға сотталды. Ол Telegram мессенджерін пайдаланып, 800 граммға жуық каннабис сығындысын тапсырыс берген көрінеді. Қазпошта бөлімшесіне 8 банканың ішінде есірткі келіп түскен.

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысында аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Маңғыстауда 500-дей оқушының астан улануына қатысты сот отырысы басталды. Қылмыстық іс бойынша 395 баланың ата-анасы жәбірленуші ретінде сотқа қатысуда.

Прокурордың айтуынша, мектеп асханасында жұмысшылар жеке тазалық сақтамаған. Олар тамақ әзірлер алдында тіпті қолын да жумаған. Салдарынан шыбын-шіркей қаптапты. Ал балалар ұшынған картоп езбесі бір күн бұрын дайындалған. Сараптама нәтижесінде аспаз, екі наубайшы және ас үй қызметкерлерінен стафилококк анықталған. Әлі 50 куәгерден жауап алынады. Аудандық сот төрағасы процесс бір айға дейін созылуы мүмкін,-деді.

Ақтөбеде болған қанды қылмыста зардап шеккен әйелге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Ол реанимациядан шығарылып, нейрохирургия бөліміне ауыстырылған. Ауыр соққыдан бас сүйегі жарақаттанып, миы шайқалған. Дәрігерлер жағдайы орташа қалыпты, өміріне қауіп жоқ, - дейді. Тиісті ем жасалып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, 13 қаңтар күні Мәскеу шағынауданында 41 жастағы әйелді танысы кепілге алып, соққыға жығады. Үш сағаттық келіссөзден соң полицейлер құтқару операциясын өткізді. Үйдің жертөлесінен ауыр жарақат алған егде жастағы еркек пен әйел табылды. Екеуі де қайтыс болды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Шымкентте бөтен адамдардың атына несие рәсімдеп келген қылмыстық топ құрықталды. Күдіктілер 4 жыл бойы жалған банк шоттары арқылы 22 млн 800 мың теңгені иемденген. Қазір 5 адамның өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Прокурорлардың мәлімдеуінше, қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, алаяқтық бабы бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алматыдағы «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешенінің күзетшісін көлігімен басып өлтірген күдіктіге қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа түсті. Қазір іс бойынша алдын ала тыңдау жабық түрде өтіп жатыр. Күдіктіге Қылмыстық Кодекстің екі бабы бойынша «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» және «Адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз тарату» бойынша айып тағылған.

Еске салайық, қайғылы оқиға былтыр наурыз айында болған. «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешенінің тұрғыны күзетшіні көлігімен қағып, ұрып-соққан.