Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзены Грузия Премьер-министрі лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтап, жауапты қызметіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ екі ел қарым-қатынастарының қарқынын жоғары бағалады. Грузия Қазақстанның Кавказ аймағындағы сенімді серіктесі және екі елді өзара достық пен тарихи тамырластық байланыстырады. Ираклий Кобахидзе мемлекет басшысын Грузияға сапармен келуге шақырды. Кездесуде сауда, энергетика, инвестиция, туризм, жасанды интеллект және цифрландыру секілді көптеген бағыттағы байланыстарды кеңейту жолдары қарастырылды. Сондай-ақ, Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша жүк тасымалы көлемін арттыруға және транзит дәлізінің инфрақұрылымын жаңғыртуға ерекше назар аударды.