Жер электронды конкурс арқылы беріледі

  • 56
  • 08.09.2025, 19:46

Алдағы уақытта ауыл шаруашылық жерлерін беру тәртібі де өзгереді. Президент бүгінгі Жолдауында бұл мәселеге жеке тоқталып өтті. Аталмыш процесс цифрландыру арқылы жүргізіледі. Осы арқылы бос жер ашық бәсекеге шығарылады. Мемлекет басшысы «Қарызсыз қоғам» жобасына да тоқталды. Бүгінге дейін ол арқылы 800 мыңнан астам адам оқытылыпты. Еліміз бойынша 15 өңір қамтылған. Сол тәжірибені жалғастыру тапсырылды.  

Игерілмей жатқан жерлерді және заңсыз берілген алқаптарды қайтару. Үкімет 2022 жылдан бері осы бағытта жұмыс жүргізуде. Нәтижесінде жалпы аумағы 13,5 миллион гектардан астам жер қайтарылған. Бірақ әкімдіктер соның 6 миллион гектарын ғана жаңа жер игерушілерге бөліп берген. Неге? Көп себептің бірі - қағазбастылық. Президент оны жойып ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәсілін түбегейлі өзгертуді тапсырды. Ендігі уақытта шешім цифрлық форматта, электронды конкурстар арқылы қабылдануға тиіс. Үкіметке осы мәселені жыл соңына дейін шешу тапсырылды. 

Ерболат Саурықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл шара арқылы жайылым тапшылығы мәселесі де шешілу тиіс.

Жерді қайтару үшін де цифрлық шешімдер қолданылады. Қазірдің өзінде космомониторинг және геоталдау жүйесі пайдаланылуда. Енді соның ауқымы кеңе түседі. Нәтижесінде жауаптылар жердің қалай игеріліп жатқанын кеңседе отырып ақ біле алады. Тіпті егіннің шығымына, дәнді-дақылдардың жай-күйіне және қай жерге қандай дақыл егілгеніне талдау жасалады. 

Президент Жолдауымен танысқан Сәтбаев университетінің оқытушылары да өз пікірлерімен бөлісті. Еліміздегі бірден-бір техникалық білім ордасында жер қойнауын қашықтан зерттеу бойынша жасанды интеллектіні қолдану әдістері үйретіледі. Ғалымдардың пайымдауынша Мемлекет басшысының бастамасы кен орындарының әлеуетін бағалауға, қолға алынған жобаларды жүйелі жүзеге асыруға септігін тигізеді.

Ерғали Әуелхан, Satbayev university Геология және мұнай-агз институтының директоры:

-Қазақстанның геологиялық картасын цифрлық түрде қайта жаңарту, қосымша геофизикалық зерттеулерді күшейту мәселелеріне көп көңіл бөліп отыр. Бұл болашақта біздің инвестицияға келуге, үлкен ірі компанияларға ақпараттарды көруге өте тиімді болады. 

Жұлдыз Қалпиева, Satbayev university академиялық даму жөніндегі вице-провост:

-Еліміздің жоғары техникалық университеті негізінде біз де мемлекетімізге цифрлы кадрлар дайындауға өз үлесімізді қосудамыз. Біздің университетте Жасанды интеллект бойынша қос дипломды бағдарламалар жүзеге асырылуда. Байланыс, интеллектуалды телекоммуникациялық  жүйелерді 5G, 6G  немесе спутниктік старлинг жаңа технологияларға негізделген байланыс жүйелерін дамытуға үлесін қосады.

Үкіметтегі жиында азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселесі де көтерілді. Кей деректерге қарағанда қазір елімізде 1 млн-ға жуық проблемалық несие бар. Осы ретте Президент «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру керек деді. Былтырдың өзінде аталмыш жоба аясында 845 мың адам сауатын жетілдіріп, заңгерлік кеңес алыпты. 

Президент бүгінгі жолдауында бір палаталы Парламент құруды ұсынды. Заң шығарушы әрі қабылдаушы органды реформалауға қатысты халықтың пікірін біліп, 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізу қажеттігін атап өтті. Мемлекеттік құрылымның негізгі тармағын өзгерту туралы  бастама елде кеңінен талқыланып жатыр. Жетісулық азаматтық қоғам өкілдері де өз ойын білдірді.   

Жолдауда заңсыз активтерді қайтару бойынша бүгінге дейін атқарылған жұмыс нәтижесі де айтылды. Президент бұған жауапты Бас прокуратураның қызметін өнімді жұмыс істеді деп бағалады. Қазынаға 850 миллиард теңге қаржы қайтарылыпты. Оған он мектеп, төрт спорт ғимараты салынған. Сондай-ақ 235 денсаулық сақтау және 177 су нысаны жөнделген