Жолдау: ауыл шаруашылығы ғылымын дамытудың нақты жоспары қажет

  • 22
  • 09.09.2025, 19:43

Президент Жолдауында ауыл шаруашылығы ғылымын дамытудың нақты жоспарын жасауды тапсырды. Агросектордағы өнімділікті едәуір арттыру үшін цифрлық технологияларды қолдану қажеттігін айтты. «Бұл Ұлытау облысы секілді ауыл шаруашылығына бейім өңірлерде саланың өркендеуіне үлес қосады», - дейді жергілікті тұрғындар.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы: «Суды есепке алу технологиясын жаңарту керек», - деді. Ол үшін бірыңғай цифрлық платформа жасалады. Бұл тіршілік нәрін ашық су қоймасынан тұтынып отырған Жезқазған жұрты үшін аса маңызды. 

Блиц-сауалнама:

- Ауыл шаруашылығында көптеген өзгерістердің жүзеге асатындығы. Бұл республикамыздағы және біздің өңіріміздегі ауыл шаруашылығының дамуына жаңа серпін береді деп ойлаймын. 

- Маған жасанды интеллект туралы ұнады. Қазіргі таңда жасанды интеллект барлығына қажет деп ойлаймын. Өзім IT маманы ретінде қазір уақыттың тапшылығына байланысты жұмысты жеңілдетеді. 

- Жыл сайын Жолдауды асыға күтемін, тыңдаймын. Бүгінгі Жолдауда басты мәселе ретінде жұмысты жасанды интеллект арқылы дамыту керектігі айтылды. Сондықтан білім саласының қызметкері ретінде біз балаларды соған дайындауымыз керек. Өйткені болашақ — солардікі.