Қазақстан электрондық үкімет бойынша ең үздік 25 елдің қатарына кірді

  • 8
  • 22.07.2026, 19:32

Қазақстан электрондық үкімет бойынша әлемнің ең үздік 25 елінің қатарына кірді. Бұл туралы БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде көрсетілген. Оған келесі фактілер ықпал етіпті. Қазір еліміздегі мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы сандық форматта көрсетіледі. Былтыр отандастарымыз оны 51,5 млн мәрте пайдаланған. Айта кетейік, қазір қызметтердің 95,9%-ын смартфон арқылы алуға болады. Сондай-ақ жақында 39 түрлі цифрлық құжат қағаз түріндегі нұсқасының толық баламасы санатына енгізіліпті. Кәсіпкерлер үшін де арнайы мүмкіндіктер жасалуда. eGov Business сервисі 4,6 млн сұранысты өңдеген.