Солтүстік Қазақстан облысында Құрылтай сайлауына орай 15 аумақтық және 543 учаскелік сайлау комиссиясы құрылады. Оның ішінде әскери бөлімдерде, медициналық мекемелер мен түзету орындарында жабық жағдайда жұмыс істейтін 13 учаске бар. Бұл Қазақстан бір палаталы Парламентке ауысқалы өткізілетін алғашқы сайлау болмақ. Сайлаушылардың нақты саны тамыздың басында белгілі болады. Ал шараны ұымдастыруға 3196 сайлау учаскесінің мүшелері атсалысады.
Сағындық Рахымжан, аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі:
-Дауыс беруден 20 күн бұрын, яғни тамыздың екісі күні әрбір тиісті әкімдер сайлау учаскесі бойынша қол қойылған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссияларына ұсынады. Нақты қанша облыста сайлаушы бар, сол күні белгілі болады, ал 7 тамыздан бастап сайлаушылар учаскелерде өздері туралы деректермен таныса алады.