Республика күні Республика күні

Мемлекет басшысы СNMC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Вэнь Ганды қабылдады

  • 3
  • 20.10.2026, 22:00

 Бүгін құрылысы басталған Ақтоғай мыс балқыту зауыты екі елдің ынтымақтастығы қарқынды ілгерілеп келе жатқанын көрсетеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы СNMC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Вэнь Ганды қабылдауы кезінде айтты. Ол құрылыс жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізетінін және озық технологияларды қолдана отырып, бекітілген мерзімде аяқтайтынын айтты. Сонымен қатар жергілікті маман даярлау және тәжірибе алмасу бағытында ынтымақтастықты кеңейтетінін жеткізді.