Елбасы ҚХА жұмысымен танысты
Жансейіт Түймебаевпен кездесуде: «Орталық аппарат мәдени-бұқаралық шараларды ұйымдастырумен ғана айналыспай, сараптамалық жұмыстарға да мән беруі керек», – деді. Елбасы осы бағытта аудит жүргізіп, Ассамблеяға қарасты әрбір мекеменің жұмысын жаңғырту қажеттігін тапсырды. Ал Жансейіт Түймебаев этносаралық зерттеулерді жүргізуге бағытталған шаралар жайын баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- 1995 жылы біз көпұлтты мемлекетіміздің барлық азаматының құқықтарын қорғау үшін ҚХА-ны құрдық. Кейін Ассамблея конституциялық органға айналды. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз үнемі еліміздегі барлық этнос өкілінің теңдігін қамтамасыз еттік.
Жансейіт Түймебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:
- Біз 30 жылдың ішінде қазақстандықтардың бірлігі мен тұтастығының арқасында бүгінгі жетістіктерге қол жеткіздік. Көпұлтты мемлекет болуымыз – біздің артықшылығымыз.