Нұрсұлтан Назарбаев: Сириядағы жағдайды тұрақтандыру үшін Астана процесінің жалғасуы маңызды
Елбасы Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың барлық бағытта жоғары деңгейде екенін атап өтті. Өз кезегінде Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары да мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Түркия көшбасшыларының Сирия мәселесі бойынша келіссөздер қорытындысын қолдайтынын айтты. Келіссөздер Мәскеуде өткен болатын. Әсіресе Елбасы: «Тараптардың Сириядағы жағдайды тұрақтандыру үшін Астана процесінің жалғасуына мүдделілік танытқаны өте маңызды», – деді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Работаем давно и всегда находили общий язык и взаимопонимание, как обычно Казахстан с Россией находят во всех делах. Хорошо, что приехали. Есть возможность обменяться мнениями, поговорить.
Дмитрий Медведев, Ресей Федерациясының Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары:
- Менің әрбір жаңа мемлекеттік қызметім сыртқы саясат тұрғысынан Қазақстанға сапармен басталып келеді. Ол кездейсоқтық емес. Бұл біздің одақтастық қатынасымызды білдіреді, сонымен қатар Сізге деген құрметімнің белгісі.
Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасы көрмесінің экспозицияларымен танысты.