Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
Биыл қордың таза табысы 436 миллиард теңгеге жеткен. Бүгін Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Президентке компаниялар тобының 9 айдағы жұмысы туралы есеп берді.
«Самұрық-Қазынаның» құрамына елдегі ең ірі стратегиялық компаниялар кіреді. Энергетика, мұнай-газ, атом өндірісі, көлік тасымалы, байланыс саласы секілді ел байлығының ең ауқымды үлесі шоғырланған. Карантин кезінде мұнда жұмыс орындары толық сақталды. Қызметкерлерге еңбекақы да уақытылы төленіп отырған.
Жыл басынан бері компаниялар тобы 2 жарым триллион теңгеге отандық бизнеспен шарт жасасты, жергілікті кәсіпорындарға 12 мың тапсырыс берілген. Аталған кәсіпорындарда 280 мың адам жұмыс істейді. Енді есеп бойынша мемлекеттік бюджетке 170 миллиард теңге көлемінде салық төлемдері түсуі тиіс. Сондай-ақ Қор активтерін жекешелендіру бағдарламасы да жалғаса бермек.