Мемлекет басшысы: Азаматтардың сотқа деген сенімін арттыру керек
Сосын азаматтардың, кәсіпкерлер мен инвесторлардың сотқа деген сенімін арттыру керек. Президент Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асановқа сот төрелігі жүйесінің басты басымдығы осында екенін айтты. Сондай-ақ жаңа судьяларды іріктеу жүйесіндегі жаңалықтармен танысты. Бас судья Президентке соттардың жұмысын бірізділікке түсіріп, сапасын арттыруға қатысты ұсыныстарын да айтты.