Хабар телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады

Алдағы уақытта мүфтият «Ихсан» ілімін, Абайдың кемел адам тұжырымдамасын кеңінен дәріптеп, насихаттайды. Мұны Президенттің қабылдауында болған кезде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты. Кездесуде Ислам академиясын құру, ислам және теология кітапханасын салу, елдегі мешіттердің архитектурасын қазақы салт-санаға сай қалыптастыру мәселелері де сөз болды. Пандемия кезінде мүфтият тарапынан ауруханаларға оттегі аппараттары мен медициналық құрал-жабдықтар, мұқтаж жандарға дәрі-дәрмек, бетперделер мен қорғаныс киімдері тегін таратылған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев діни басқарманың жұмысын жоғары бағалады.