Марат Бәшімов: Қазақстандықтардың саяси белсенділігі күшейді
Оның айтуынша, пандемия қоғамдағы бірқатар мәселенің бетін ашты. Сондықтан алдағы парламенттік сайлауға қатысатын партиялардың жауапкершілігін арттырып отыр. Сонымен қатар Бәшімов: «Елімізде сайлауалды науқан ашық әрі әділ өтіп жатыр», – дейді. Партиялардың барлығына бірдей заңға сай жағдай жасалғанын атап өтті.
Марат Бәшімов, еуропалық Құқық және адам құқықтары институтының директоры:
- Саяси белсенділігі жоғары деңгейде. Қазір халық бостан барып, дауыс бермейді. Бағдарламалармен танысады. Съезд арқылы бағдарламалары жарияланады. Халыққа кім, не бергісі келеді? Сол саяси партияларға өз дауыстарын береді.