ҚКХП мүшелері күнкөріс деңгейінің мөлшерін екі есе арттыруды ұсынды
Бұл қаражат қажетті азық-түлік, коммуналдық төлем, рухани және әлеуметтік қажеттіліктерді өтеуге есептелген. «Алайда шын мәнінде ол азық-түлікке ғана жетеді», – дейді партия өкілдері.
Президент Жолдауында айтылғандай, мемлекеттік және квази мемлекеттік сектор қызметкерлерін 20 процентке қысқарту қажет. «Үнемделген қаржы қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтеруге жұмсалуы тиіс», – дейді коммунистер.
Гүлдана Нұрпейісова, ҚКХП мүшесі:
– Ұсынысымыз өмір сүру мөлшерін екі есеге көтеру керек. Халықтың сұрап отырғаны жұмыспен қамтамасыз ету керек. Қалаға көбі келмес еді, егер ауылда үй беріп, агробанк жасап, кредит беріп, айналайын, халқым жұмыс жаса десе, бәріне халық дайын. Өйткені біз күнде халықтың арасында жүреміз. Мұң-мұқтажын жақсы білеміз.