Нұрсұлтан Назарбаев: Сатқындар тыныш өмір сүре алмайды
«Біз жас мемлекет едік, не істеу керек екенін білген жоқпыз. Мұндайда қателіктердің болуы заңды. Кадр тағайындауда да үнемі қателік кетіп жатады.
Адамға 100 процент сенім артып, өзіңе жақын тартсаң, ал ол сенің арқаңнан таспен немесе басқа бір нәрсемен ұрса, бұл өте жиіркенішті. Себепсізден себепсіз. Сен оған жақсылық жасайсың, ал ол саған қара өшпенділікпен жауап қайырады.
Мұндайды кешіре алмаймын, бірақ есімде сақтамауға тырысамын. Өйткені сатқын ешқашан тыныш өмір сүре алмайтынын жақсы білемін. Сатқындығы оны ішінен жейді. Оның соңы да жамандыққа алып барады. Сатқынның бір ғана жолы бар, мен оларды кешіре алмаймын. Ал басқалардың бәрін кешіруге дайынмын.
Бұған дейін көпшілік алдында да айтқанмын, қашқындарды кешіруге дайынмын. Бастысы, елге орал да өз ісіңді мойында, алған ақшаны орнына қой. Халықтан кешірім сұра. Сөйт те, Қазақстанда тыныш өмір сүре бер», – деді Елбасы.