Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Д.Козакты қабылдады

Владимир Путиннің тапсырмасымен сапар жасаған оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қабылдады.

Кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік пен одақтастық жайы талқыланды. Саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ жуырда өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес туралы да сөз болды.

Екі ел Президент Әкімшіліктерінің арасында өзара байланысты дамыту жөнінде келісім жасалды.