Түркістанда жас ғалымдар бас қосты
Олар климаттың өзгеруіне байланысты күрделі сын-қатерлер мен оған қарсы тұрудың жолдарын талқылады. Халықаралық ғылыми-технологиялар орталығының дерегінше, соңғы 30 жылда елімізде 220-дан астам ғылыми жобаға жүзеге асырылып, оған 5 мыңнан аса ғалым тартылған. Жалпы дүниежүзі бойынша құны 124 млн АҚШ доллары болатын 4500-ден астам жоба жүзеге асырылған. Жас ғалымдар медицина, атом өнеркәсібі және климаттың өзгеруі сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын жобаларымен таныстырды. Түркістандық жас ғалым Нұрсұлтан Сәрсенбайұлы, қатерлі ми ісігін бірнеше жылдан бері зерттеп жүргенін айтады.