Хабар телеарнасы

Жарықтың ақысы қымбаттауы мүмкін

Қазақстанның энергетикалық компаниялары электр энергиясына тарифті көтеруді сұрап отыр. Олар Энергетика министрлігіне осындай өтініш жіберген.

Ведомство мұны ашық талқылауға шығарды. Егер компаниялардың өтініші мақұлданса, 1 ақпанынан бастап электр қуаты шамамен 2 теңге қымбаттауы мүмкін. Тарифті көтерсек, ең алдымен жұмысшының жалақысын өсіреміз, - дейді энергия өндірушілер. Ал еңбекақы өссе, кадр тапшылығы шешіле ме деген үмітте.

Былтыр энергетика саласында 4,5 мың маман жетіспеді. Жанармай бағасының қымбаттауы да тарифті өзгертуге сеп болған.

Дархан Есмағұлов, ҚР Энергетика министрлігі департаментінің бас сарапшысы:

- Сонымен қатар тарифтерді түзету электр энергиясын өндіруге қажетті отынның, яғни көмір мен газдың тасымалдауына шығындардың артуы боп келеді. Тағы да бір фактор – ол жөндеу науқанына қажетті материалдар мен қызметтердің, сонымен қатар оларды тасымалдаудың құнының өсуі болып табылады.