«Қазақстан Халық партиясының» белсенділері «Өмір сыйла» акциясын бастады
Саяси ұйымның Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы мүшелері трансфузиология орталығына барып қан тапсырды.
Үш күнге созылатын шараға жүзден астам адам жұмылдырылмақ. Партия белсенділері республиканың өзге азаматтарын да донор болуға шақырады.
Еркежан Болатова, «Қазақстан Халық партиясының» мүшесі:
– Осы акцияны біздің қаланың жастарына, бүкіл өзіміздің қала тұрғындарына насихаттағымыз келеді. Әрбір қан тапсырған адам кем дегенде үш адамның өмірін құтқарады.