Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысының атына Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр

Жапония императоры Нарухито өзінің құттықтау хатында Қасым-Жомарт Тоқаевқа құт-береке, Қазақстан халқының өсіп-өне беруіне тілектестік білдірген.

Сауд Арабия Королі Салман бен Әбдел әзиз Әл Сауд және Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Сауд еліміздің гүлденуін тілеген.

Құттықтау жеделхатын жолдағандар арасында Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета, Испания королі Фелипе, Бельгия королі Филипп, Марокко королі VI Мұхаммед, Катар мемлекетінің әмірі Тамим бен Хамад Әл Тәни, Оман сұлтаны Хайсам Бен Тариқ, Камбоджа королі Нородом Сиамони бар.