Қ.Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады
Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов саланың жаңа жүйеге дайындығы барысын Президентке баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір сот заң үстемдігін қамтамасыз етудегі өзінің рөлін терең түсінуі керек деген тапсырма берді. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл азаматтардың құқығы мен еркіндігін қорғауда, қолайлы инвестициялық климат қалыптастыруда және кәсіпкерлік пен экономиканы дамытуда өте маңызды. Сондай-ақ жаңа реформаның табысты болмағы соттардың кәсібилігі мен адалдығына тікелей байланысты екенін атап өтті.