Сенат қоғамдық кеңестер туралы заң жобасын Мәжіліске кері қайтарды
Заң жобасын талқылаған сенаторлар Ұлттық әл-ауқат қоры және оның компанияларының ерекшеліктері ескеріліп, қоғамдық кеңесті қалыптастыру тәртібін нақтылау және регламенттеу мақсатында бірқатар өзгеріс ұсынды. Құжатқа қоғамдық кеңестердің құрамын жасақтау нормасы енгізілмек. Басты талап – дербес және тәуелсіз қызмет ету. Сондықтан жұмыс тобының басшысын азаматтық қоғам өкілінен сайлау ұсынылды. Бұл өзгеріс кеңестер құрамын іріктеуге, әкімшілік ресурстардың ықпалын азайту үшін енгізілді.