Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин өз таңдауын жасады
Елордадағы Ұлттық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесінде болған ол сайлауда қазақстандықтар өздерінің ауызбіршілігі мен ынтымағын көрсететіне сенім білдіріп, еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс бергенін жеткізді. Айта кетейік, №111 учаскеде барлығы 3 690 сайлаушы тіркелген. Бұл алаңда 12 жергілікті және 14 халықаралық байқаушы жұмыс істеуде.
Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Қазақстанда өткен барлық сайлау тұтастырушы, біріктіруші сипатқа ие. Осы сайлау да мемлекетіміздің стратегиялық даму бағытын жалғастыру үшін жер-жердегі мәслихаттар мен Парламент Мәжілісі құрамын жасақтауға мүмкіндік беретініне сенімдімін.